2024 жылдың 19 маусымы күні Өзбекстанның Ташкент қаласында «Орталық Азияда ауасы таза болашақ құру» атты жоғары деңгейдегі алғашқы өңірлік диалог өтті. Іс-шараны Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі Дүниежүзілік банкпен және БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен (ЮНЕ) бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстан Республикасының саясаткерлерін, шешім қабылдаушыларын және басқа да мүдделі тараптарын, сондай-ақ Орталық Азия мен бүкіл әлемнің ауа сапасы жөніндегі жетекші сарапшыларын жинау болды.
Қатысушылар өз елдеріндегі ауа сапасын басқару, саясат және берілетін басымдықтар саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ өңірде ауасы таза болашаққа қол жеткізу үшін өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды.
Қазақстанның тарапынан іс-шараға Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бас директоры Данара Әлімбаева қатысты. Ол өз сөзінде Қазгидрометтің атмосфералық ауа мониторингі саласындағы өз тәжірибесімен және ауа сапасын болжау мен талдау саласындағы жетістіктерімен бөлісуге дайын екенін атап өтті.