Қазгидромет шілде айының құрғақшылық болжамын нақтылады

IconЖарияланды 04.07.2024

2024 жылғы шілдеде Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтілуде, алайда атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаюда.

Шілдеде атмосфералық құрғақшылық күтіледі:

Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласында;

Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Ақжайық және Бөкей орда аудандарында;

Ақтөбе облысының Шалқар, Байғанин, Ыргыз және Ойыл аудандарында;

Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында;

Абай облысының Аягөз ауданында;

Алматы облысының Балқаш ауданында;

Жетісу облысының Алакөл ауданында;

Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Жуалы, Жамбыл, Т. Рысқұлов және Сарысу аудандарында;

Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Ордабасы, Отырар, Шардара, Жетісай және Бәйдібек аудандарында;

Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласы аумағында;

сондай-ақ Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының басым аумағында.

Шілдеде бірқалыпты ылғалды жағдай күтіледі:

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша, Уәлиханов және Ғ. Мүсірепов аудандарында;

Ақмола облысының Атбасар, Ақкөл, Астрахан аудандарында және Степногорск қаласы маңайында.

Елдің қалған бөлігінде ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады деп күтілуде.

Болжам www.agrodata.kz қосымшада және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз