Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының жаздық дәнді дақылдар бақыланатын көптеген аудандарының учаскелерінде «дәннің сүттенуі» - «толық пісуі», жеке учаскелерде «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «масақтану» даму фазалары байқалады, Жамбыл облысының Төле Би метеостанциясының маңайында бақыланатын учаскелерде жаздық арпаны жинауға кіріскен. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.
Батыста жаздық дәнді дақылдар егістіктерінде «түптену» - «масақтану», ерте себілген егістерде дәннің сүттенуі даму фазалары байқалады. Даму фазаларына байланысты өсімдіктердің биіктігі 10-53 см. Өсімдіктердің жағдайы қанағаттанарлық, кейбір жерлерде жақсы. Ақтөбе облысының Мартук метеостанциясының маңайында сұлы байқалатын учаскелерде «дәннің сүттенуі» фазасы байқалады, өсімдіктердің биіктігі 54 см. Өсімдіктердің жағдайы жақсы.
Солтүстікте (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында) егін мерзіміне байланысты жаздық дәнді дақылдар егістіктері «түйін тамырларының пайда болуы» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы», кеш себілген егістіктерде «көктеу» - «3-ші жапырақ» фазаларында болған. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Ақмола облысның Егіндікөл және Жақсы метеостанцияларының маңайларында өсімдіктердің тамыр шірігімен және нан бүргесінен зақымдануы байқалады.
Еліміздің орталығында (Қарағанды, Ұлытау облыстары) жаздық арпа егістіктері «түйін тамырларының пайда болуы» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы», сәуір айының екінші онкүндігінде себілген Абай ауданында (агропост Агрогородок) «дәннің сүттенуі» фазаларында болған. Жаздық бидай дақылдарында «түптену» - «түтікке шығу», кеш себілген егістіктерде «көктеу» - «3-ші жапырақ» даму фазалары байқалады. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы, жаздық арпаның биіктігі 19-74 см. Жаздық бидайдың бақыланатын учаскелерінде «түптену» -«төменгі сабақ түйіннің пайда болуы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе өте жақсы және жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 25-46 см.
Еліміздің шығысында (Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында) жаздық бидайдың ерте себілген егістіктерінде «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «масақтану», кеш себілген егістерде «түптену» -«түтікке шығу» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы, биіктігі 24-55 см. Жаздық дәнді дақылдарды маусымның екінші онкүндігінің басында себкен Абай облысының Жарма ауданында «3-ші жапырақ» фазасы байқалады.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында (Жетісу, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары) күздік бидай бақыланатын учаскелерде «дәннің сүттенуі» - «толық пісуі» даму фазалары байқалады. Күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы. Жамбыл облысының Аса және Төле Би метеостанцияларының маңайларында күздік бидайды жинауға кіріскен.
Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылуды сүйгіш дақылдар (соя, мақта) егістіктерінде мақтада көбінесе «8-ші нағыз жапырақ»- «түйнектену», сояда «бүйірлік өсінділердің пайда болуы» байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Жетісу облысында қант қызылшасы дақылдарында «бүйірлік өсінділердің пайда болуы» фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы.
Оңтүстік-шығыстағы жүгері дақылдарында жапырақтардың өсу кезеңі, оңтүстігінде «жүгері сабағының шашақтануы» байқалады. Жағдайы көбінесе жақсы.
Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарындағы күріш дақылдарында «түптену» - «түтікке шығу» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 27-38 см.
Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы күнбағыс дақылдарында «2-ші жапырақ жұбы» - «гүлшоғырлардың пайда болуы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және кейбір жерлерде өте жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 29-92 см.
Солтүстік Қазақстан облысында майлы зығыр дақылдарында «сабақтың өсуі» - «гүлшоғырлардың пайда болуы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде «бүйірлік өсінділердің пайда болуы» - «гүлшоғырлардың пайда болуы» даму фазалары байқалады, жекелеген учаскелерде «гүлдену» байқалады.
Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Ақтөбе облысындағы кейбір жайылымдарда ылғалды болған.
Көптеген жайылымдық шөптердің өсуі мен дамуы үшін қолайлы агрометеорологиялық жағдайлар орын алған, жайылымдардағы шөптердің жалпы визуалды бағалау бойынша жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жайылымдарда қанағаттанарлық, Алматы облысының Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар және Уәлиханов аудандарында өте жақсы болған.
Маусымның үшінші онкүндігінде ылғал жинақтау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар солтүстіктің, орталықтың, оңтүстіктің және оңтүсітік-шығысытың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында байқалды, онда онкүндік бойы топырақта ылғалды сақтайтын жауын-шашын байқалған. Алайда, ауа температурасының жоғарылауына және астық егетін облыстардың жекелеген аудандарында біркелкі емес жауын-шашынға байланысты оңтүстік-шығыс пен оңтүстікте топырақтың егістік қабатында ылғалдың төмендеуі байқалды.