Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының көптеген аудандарында жаздық дәнді дақылдар бақыланатын учаскелерде «дәннің сүттенуі» - «толық пісу» даму фазалары байқалады, жеке аудандарда «масақтану», Жетісу облысында (Үштөбе метеостанциясы) және Жамбыл облысында (Асса, Құлан) бақыланатын учаскелерде жаздық арпаны жинау науқанына кіріскен. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.
Батыста жаздық дәнді дақылдар егістіктерінде «түтікке шығу» - «масақтану» даму фазалары, ерте себілген егістіктерде дәннің уыздануы байқалған. Өсімдіктердің жағдайы қанағаттанарлық, кейбір жерлерде жақсы. Ақтөбе облысы Мартук метеостанциясының маңайында сұлы бақылатын учаскелерде «дәннің сүттенуі» фазасы жалғасуда, өсімдіктердің биіктігі 60 см. Өсімдіктердің жағдайы жақсы. Ақтөбе облысының Новоалексеевка және Батыс Қазақстан облысының Федоровка метеостанцияларының маңайында жапырақтардың, масақтардың мерзімінен бұрын сарғаюы байқалады.
Солтүстікте (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары) себу мерзімдеріне байланысты жаздық дәнді дақылдардың егістері «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «масақтану», кеш себілген егістіктерде «түптену» - «түтікке шығу» фазаларында болған. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық.
Елдің орталығында (Қарағанды, Ұлытау облыстары) жаздық бидай мен арпа егістіктерінде «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «масақтану», Абай ауданында (агропост Агрогородок) сәуір айының екінші онкүндігінде себілген жаздық арпада «дәннің уыздануы», кеш себілген егістерде «түтікке шығу» фазалары байқалған. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.
Елдің шығысында (Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында) жаздық бидайдың ерте себілген егістіктерінде «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «масақтану», кеш себілген егістерде «түптену», жекелеген аудандарда «гүлдену» даму фазалары байқалған. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында (Жетісу, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары) күздік бидай бақыланатын учаскелерде «толық пісу», жеке аудандарда «дәннің сүттенуі» даму кезеңдері байқалады. Күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы Жетісу (Үштөбе метеостанциясы), Жамбыл (Құлан, Мерке метеостанциясы) және Түркістан (Екпенді, Қазығұрт метеостанциялары) облыстарында, күздік бидайды жинауға кіріскен.
Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылу сүйгіш дақылдар (соя, мақта) егістіктерінде мақта көбінесе «гүлдену», соя «гүлденудің басталуы» фазаларында болған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Жетісу облысында қант қызылшасында «өсімдіктердің қатарда иін тіресуі» фазасы жалғасады. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы.
Оңтүстік-шығыста жүгері дақылдарында Алматы облысында, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында жапырақтардың «жүгері сабағының шашақтануы» - «гүлденуі» байқалады. Жағдайы көбінесе жақсы.
Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында күріш дақылдарында «түтікке шығу» - «масақтану» даму фазалары байқалған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында күнбағыс егістіктерінде «2-ші жапырақ жұбы» - «гүлшоғырлардың пайда болуы», Павлодар облысының Шарбақты метеостанциясының маңайында «гүлдену» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және кейбір егістерде өте жақсы.
Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде майлы зығыр дақылдары «сабақтың өсуі» – «гүлшоғырлардың пайда болуы» даму фазаларында. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде «гүлшоғырлардың пайда болуы» - «гүлдену» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Ақтөбе облысындағы жайылымдар ылғалды болған.
Көптеген жайылымдық шөптердің өсуі мен дамуы үшін агрометеорологиялық жағдайлар қолайлы болған, жайылымдардағы шөптің жалпы визуалды жағдайы көбінесе «жақсы», кейбір жайылымдарда «қанағаттанарлық», «өте жақсы» Алматы облысының Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында және Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Уәлиханов аудандарында болған.
Шілденің бірінші онкүндігінде топырақта ылғал қорының жинақталуы үшін ең қолайлы жағдайлар елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында, сондай-ақ ылғал қоры қанағаттанарлық және оңтайлы болған батыстың, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында байқалған.