2024 жылдың 5 тамызы күні Нидерланд Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшісі Нико Схермерс Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне келді. Қонақтар Гидрометорталықта, қоршаған ортаның ластануын мониторингілеу сынақ зертханасында болып, Қазгидромет қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.
Елшілік өкілдерімен кездесу барысында «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаева қызметтің негізгі бағыттары туралы әңгімелеп, Каспий теңізінде жүргізілетін гидрологиялық мониторинг пен зерттеулерге егжей-тегжейлі тоқтап өтті.
Бұдан әргі ынтымақтастықты талқылау барысында тараптар бірлескен кездесулер мәселесін, сондай-ақ гидрологиялық және метеорологиялық болжау саласында тәжірибе алмасу жоспарларын талқылады.