Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 2022 жылы өзінің жүз жылдық мерейтойын атап өтті. Алайда үздіксіз бақылаулар одан бұрын, ХІХ ғасырдың ортасында басталып, 1848 жылы Қазалы станциясы, 1854 жылы Семей станциясы, 1856 жылы Ырғыз және Қызылорда станциялары, 1859 жылы Алматы және Орал станциялары бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта «Қазгидромет» РМК-де 35 метеорологиялық станция мен гидробекет жұмыс істейді. Олар 100 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеп, тәулік бойғы бақылаулар жүргізіліп келеді.
2017 және 2020 жылдары Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) Атқарушы кеңесі жүз жылдық бақылау станцияларының дүниежүзілік тізіміне Қазақстанның мынадай 14 метеостанциясын енгізді: «Ақкөл», «Арал теңізі», «Атбасар», «Ырғыз», «Қазалы», «Михайловка», «Түркістан», «Форт-Шевченко», «Мерке», «Көкшетау», «Ақтөбе», «Торғай», «Семиярка» және «Жаркент».
2023 жылдың мамыр айында ДМҰ бұл тізімге Қазақстанның тағы
7 метеостанциясы мен гидробекетін енгізді, олар - «Т.Рысқұлов ауылы», «Есік», «Павлодар», «Тараз», «Явленка» метеостанциялары мен «Форт-Шевченко» (теңіз) және «Көшім» (өзен) гидробекеттері.
2024 жылдың шілде айында гидрологиялық бақылаулар жүргізілетін «Сырдария өзені – Қазалы қаласы» метеорологиялық станциясы ұзақ мерзімді бақылаулар жүргізілетін станция ретінде танылды.
Бүгінгі таңда ДМҰ ұзақ мерзімді бақылаулар жүргізілетін 35 қазақстандық станцияның 22-сін мойындады. Барлық метеостанцияларды тізімге енгізу жұмысы жалғасатын болады.