Қазгидромет қызметкерлері Үндістанда оқу курстарынан өтті

IconЖарияланды 08.08.2024

2024 жылғы 22 шілде - 2 тамыз аралығында «Қазгидромет» РМК қызметкерлері Үндістанның Ахмедабад қаласындағы Азия-Тынық мұхит аймағы ғарыш ғылымы және техникасы оқу орталығында (CSSTEAP)  «Ауа райын болжаудың сандық үлгілерін пайдалана отырып ауа райын болжау бойынша CSSTEAP бесінші қысқа мерзімді курсы» атты қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Курс ауа-райын болжау барысында сандық әдістерді қолдану процесін егжей-тегжейлі зерттеуге, сондай-ақ  заманауи модельді бағдарламалармен жұмыс істеуді үйретуге бағытталған.

Орталық оқыту тренингтерінен басқа, жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), спутниктік миссиялар және навигация жүйелері жөніндегі әртүрлі тақырыптар бойынша көптеген қысқа мерзімді курстар өткізеді. CSSTEAP орталығы сонымен қатар БҰҰ қызметіне қолдау көрсетіп, семинарлар ұйымдастырады және әртүрлі халықаралық платформаларда өткізілетін кеңестерге қатысады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз