Еліміздің оңтүстік жартысында бақылау учаскелерінде жаздық дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында).
Республиканың солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарда «гүлдену» - «дәннің сүттенуі», кеш себілген егістерде «түтікке шығу» - «масақтану» фазалары байқалады. Батыста «дәннің сүттенуі» -«дәннің уыздануы», кейбір егістерде «масақтану» - «гүлдену» даму фазалары байқалады. Онкүндіктің соңында Батыс Қазақстан облысының Лубенка метеостанциясының маңайында жаздық арпа жинауға кіріскен.
Жаздық бидай мен арпаның жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жерлерде қанағаттанарлық. Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаздық дәнді дақылдар егістіктерінде арамшөптерге, сондай-ақ зиянкестер мен ауруларға қарсы улы химикаттармен өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күздік бидай дақылдарында «толық пісу» даму фазасы байқалады. Жамбыл облысының Нұрлыкент және Түркістан облысының Шымкент метеостанцияларының маңайында егін жинауға кіріскен. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жерлерде өте жақсы.
Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылу сүйгіш дақылдарда (соя, мақта) мақтада «гүлдену», сояда «гүлденудің басталуы» - «бұршақтың пайда болуы» фазалары жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Жетісу облысында қант қызылшасы егістіктерінде «қатар аралықтарын жабу» фазасы жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы.
Алматы облысында жүгері дақылдарында «19-шы жапырақтың пайда болуы» - «жүгері сабағының шашақтануы» фазалары байқалады. Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында «жүгерінің гүлденуі» - «дәннің сүттенуі» фазасында. Жағдайы көбінесе жақсы.
Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында күріш егістіктерінде көбінесе «масақтану» - «дәннің сүттенуі» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы күнбағыс дақылдарында «гүлдену» - «пісу» фазалары жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және кейбір егістерде өте жақсы.
Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде майлы зығыр дақылдарында «гүлдену» фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде «гүлдену» - «гүлденудің соңы» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар әлсіз тапталған, Жамбыл облысының Шу ауданындағы жайылымдар, Қарағанды облысының Шет ауданындағы жайылымдар және Маңғыстау облысындағы кейбір жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы жайылымдар, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы жайылымдар қатты тапталған, қалған жайылымдардың бірқалыпты тапталуы байқалады.
Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы кейбір жайылымдарда шым ылғалды болған.
Жайылымдық шөптердің көпшілігінің өсуі мен дамуы үшін агрометеорологиялық жағдайлар қолайлы болған, жайылымдардағы шөптердің жалпы визуалды жағдайы көбінесе «жақсы», кейбір жайылымдарда «қанағаттанарлық» болған. Алматы облысының Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар және Уәлиханов аудандарында «өте жақсы» жағдай.
Елдің негізгі астық егетін аймақтарында топырақтың метрлік қабатында ылғал жинау жағдайлары қанағаттанарлықтан оңтайлыға дейін сақталған, топырақтың егістік қабатында елдің батысында, шығысында, орталығында және солтүстік-шығысында жеке учаскелерде жеткіліксіз болған. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ылғал жинау жағдайлары қанағаттанарлық және оңтайлы болып қалыптасқан, егістік топырақ қабатында жеткіліксіз.