Жаздық дәнді дақылдарды жинаудың агрометеорологиялық жағдайларының болжамы

IconЖарияланды 12.08.2024

Елдің батысындағы жеке аудандарда егін жинау жұмыстары шілде айының соңында басталды, елдің шығысында, орталығында және солтүстігінде жаппай егін жинау науқаны тамыздың бірінші жартысында күтілуде.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, тамыздың екінші онкүндігінде сабақтағы бидайдың кебіуі қанағаттанарлық жағдайда өтеді.

Тамыздың үшінші онкүндігінде астық егетін аймақтың басым бөлігінде комбайнның тәулігіне орта есеппен 14-17 сағат жұмыс істеуі үшін жақсы жағдайлар күтіледі, алайда республиканың солтүстігінде егін жинау үшін нашар жағдайлар болуы мүмкін.

Тамыздың екінші жартысында күтілетін жауын-шашын мен желдің 15-20 м/с дейін жоғарылауы егіс алқаптарының жатып қалуына әкелуі мүмкін, бұл оларды жинауды қиындатады және егіннің ішінара жоғалуына әкелуі мүмкін. Қыркүйектің бірінші онкүндігінде егін жұмыстары анағұрлым қолайлы болады деп күтілуде, алайда онкүндіктің соңында республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

Астық жинаудың агрометеорологиялық жағдайларының болжамы «Қазгидромет» РМК ресми сайтында, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында жарияланған.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз