Еліміздің батысында, орталығы мен шығысында жаздық арпа жинауға кіріскен, оңтүстікте егін жинау жұмыстары жалғасуда.
Нақтыланған есептеулерге сәйкес, тамыздың үшінші онкүндігінде басты астық егетін облыстарда егін жинаудың қанағаттанарлық жағдайлары болжанады, сабақтағы дәннің кебу жылдамдығы 5-8 күн ішінде орташа есеппен тәулігіне 12-16% құрайды.
Болжанған жауын-шашынмен желдің 15-20 м/с немесе одан да күшеюі егістік алқаптарының жатып қалуына әкелуі мүмкін.
Қыркүйектің бірінші және екінші онкүндігінде республиканың астық егетін аймақтарында сабақтағы дәннің кебуі орта есеппен онкүндікте 6-8 күн ішінде күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында егін жинау жағдайы қолайлырақ болады.
Қыркүйектің бірінші жартысында елдің солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен топырақ бетінде үсік күтіледі, түнгі ауа температурасының кей жерлерде 0°С дейін төмендеуі күтіледі.
Жалпы ауа райының күзгі салқындауының аясында елдің басым бөлігінде жауын - шашын қыркүйектің бірінші онкүндігінің соңы мен екінші онкүндігінің басында күтіледі.
Астық жинаудың агрометеорологиялық жағдайларының болжамы «Қазгидромет» РМК ресми сайтында, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында жарияланған.