«Гидрологиялық мониторинг» интерактивті картасында Қазақстанның су объектілерінің ағымдағы жай-күйі туралы толық ақпарат ұсынылады. Аталмыш бөлімге деректер 377 бақылау бекетін, оның ішінде 329 өзен, 38 көл және 10 теңіз бекеттері мен станцияларын қамтитын «Қазгидромет» РМК гидрологиялық желісінен келіп түседі.
Кез келген гидрологиялық бекетке басқан кезде картада мынадай ақпарат берілетін кесте пайда болады:
* Гидрологиялық бекеттің атауы.
* Сантиметрмен көрсетілген судың қауіпті деңгейі.
* Сантиметрмен көрсетілген судың нақты деңгейі.
* Судың температурасы.
* Секундына текше метрмен (м3/с) көрсетілген судың нақты шығыны.
Деректер келтірілген кесте күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де жаңартылады.
Мониторинг туралы ақпараттан басқа, картаға мынадай модульдер кіреді:
- «Су тасқынының предикторлары» модулі - су тасқыны қаупін бағалауға және болжауға мүмкіндік беретін маңызды құрал болып табылады. Модуль үш бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысында су тасқынын талдау және болжау үшін қажетті цифрлар, сондай-ақ осы параметрлердің өткен жылғы мәндері және олардың нормативтік мәндері ұсынылады.
- «Гидрологиялық болжамдар» модулі. Картада жазық өзендер үшін болжанатын су тасқыны көлемі және тау өзендері үшін вегетациялық кезеңде күтілетін орташа су шығыны мен олардың нормалары көрсетіледі.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін интерактивті карта (http://ecodata.kz:3838/app_dg_map_ru /) толықтырылып, өзгертілетін болады.
* Интерактивті картаны пайдалану жөніндегі ұсынымдар мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=gI-JSu9EA5c