2024 жылдың 5-6 қыркүйегі күндері Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің 2023 жылғы және 2024 жылғы сегіз айдағы жұмысының қорытындысына арналған жыл сайынғы алқа отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы - проблемалық мәселелерді талдау және оларды шешу жолдарын іздеу болды. Алқа отырысы гибридті форматта өтті, яғни филиалдардың директорлары онлайн қатысты.
Кездесудің алғашқы күні толығымен өндірістік департаменттердің есебіне арналып, атқарылған жұмыс туралы ақпарат және проблемалық мәселелер мен қабылданған шешімдер ескерілген қызметтің талдауы ұсынылды.
Кездесудің екінші күні қатысушылар өңірлік филиалдардың баяндамасын тыңдады. 15 филиалдың директоры жерүсті бақылау желісінің жұмысы, метеорологиялық станциялар мен гидрологиялық бекеттерді жабдықтау, оларға қызмет көрсету және жөндеу мәселелері туралы әңгімелеп берді.
Есеп беру кезеңінде айтарлықтай жұмыс атқарылды.
Бақылау желісі қажетті жабдықтармен және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілді.
10 метеостанция газдандырылып, 31 метеостанция ауыз сумен қамтамасыз етілді, сондай-ақ 20 метеостанция жөндеуден өтті, ал 12 станцияда жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Ағымдағы жылы су тасқыны салдарынан бүлінген гидрологиялық бекеттерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Учаскелер дайындалды және су деңгейін бақылау жұмыстары жүргізілетін жаңа 31 гидробекетті ашу үшін жабдықтар сатып алынуда.
Халыққа ақпарат беру үшін гидрологиялық мониторингтің интерактивті картасы жасалды.
Сонымен қатар сайтта алдағы 2-6 сағатқа арналған ауа-райының егжей-тегжейлі болжамы (наукастинг), өрт қаупі мен құрғақшылық болжамдары жарияланады.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап атмосфералық ауаның мониторингі бойынша Air.kz мобильді қосымшасының нұсқасы жаңатылды.
Алқа қорытындысы бойынша қатысушылар жерүсті бақылау желісін жаңғырту және жаңарту, еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ халық үшін шығарылатын өнімнің сапасын арттыру бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.