«NATURAL DEBRIS FLOWS AND FIELD EXPERIMENTS IN KAZAKHSTAN» кітабы баспадан шықты

IconЖарияланды 09.09.2024

Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі «Swiss Federal Institute for Forest, snow and Landscape Research WSL» ұйымымен бірлесіп Natural debris flows and field experiments in Kazakhstan (Табиғи сел ағындары және дала Қазақстанда жүргізілген эксперименттер) кітабын әзірлеп шығарды. Бұл кітап Қазақ ғылыми-зерттеу гидрометеорологиялық институты сел ағындары бөлімінің ғылыми қызметкерлері жүргізген зерттеулер нәтижесінің аудармасы болып табылады. Кітаппен «Swiss Federal Institute for Forest, Snow and Landscape Research WSL» ұйымының сайтынан (https://www.dora.lib4ri.ch/wsl/islandora/object/wsl:37615)  танысып, тегін жүктеп алуға болады.

Кітап екі бөлімнен тұрады: Іле Алатауындағы табиғи апатты селдер және табиғи шамасына сәйкес масштабтағы жасанды сел тасқындарын жасау бойынша Шамалған эксперименттерін жүргізу кезінде алынған деректер. Жасанды селдің шығыны жүк көтерімділігі 80 тоннаны құрайтын он вагонды бір секундтың оннан бір бөлігі ішінде тиеуге болатындай  мөлшерді құрады.

Шамалған эксперименттері осы күнге дейін мамандардың таңданысы мен қызығушылығын тудыруда. Бұл зерттеулердің нәтижесі селдерді болжаудың және олардың сипаттамаларын есептеудің жаңа әдістерін әзірлеу, селден қорғайтын құрылымдар мен зиянды азайтуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау кезінде қолданылады. Шамалған эксперименттері туралы фильм біздің YouTube арнамызда қолжетімді, оны https://www.youtube.com/watch?v=rlYNHqqGjPo сілтемесі бойынша көруге болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз