Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Тамыз айының бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталды, кей күндері термометр бағандары +32+42°С қа дейін жетті, ал еліміздің солтүстік жартысында онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі байқалды.
Кей станцияларда ауа температурасы бойынша ғана емес жауын-шашын мөлшері бойынша да рекордттар болды. 9-шы тамыз күні Балқаш метеорологиялық станциясында (ары қарай - МС) (Қарағанды облысы) ауа температурасы 2002 жылғы рекордтты (+36,6°С) жаңартып, +37,6°С құрады. Мысалы, 8-ші тамыз күні Тобол МС-да (Қостанай облысы) 89 мм жауын-шашын түсуі тіркелді, бір айлық норма 35 мм, Егіндікөл МС-да (Акмола облысы) 50 мм, бір айлық норма 29 мм, Успенка МС-да (Павлодар облысы) 46 мм, бір айлық норма 32 мм. Онкүндік бойы желдің күшеюі 15-25 м/с-қа дейін, найзағай, бұршақ, тұман, ал елдің оңтүстігінде шаңды дауыл байқалды.
Тамыздың екінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауаның негізгі фондық температурасы +17+25°С болды, ал оңтүстік жартысында кей күндері температура +25+30°С дейін төмендеді.
Еліміздің бас қаласы Астанада орташа айлық ауа температурасы +18,5°С құрады, норма 19,1°С. Ең жоғарғы ауа температурасы 1-ші тамыз күні +36,3°С-қа жетсе, ең төменгі ауа температурасы 28-ші тамыз күні +9,2°С көрсетті. Ерекше атап өтетін жайт жауын-шашынның аномальды мөлшерінің 113 мм-ге жетуі, бұл көрсеткіш орташа айлық нормадан 364% көп болып табылады, (норма 31 мм). 8-9 тамыз күндері қатты бұршақ жаууы байқалды.