Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2024 жылдың 11 қыркүйегі күні Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (ТМД ГМК) 35-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан мен Әзірбайжанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері (ҰГМҚ) жаңартылған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.
Әзірбайжан ҰГМҚ-мен ынтымақтастық бағдарламасы стандартты деректермен алмасу және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуден басқа, Каспий теңізінің Гидрометеорология жөніндегі үйлестіру комитетінің желісі бойынша қызметті, сондай-ақ Каспий теңізінің гидрохимиялық ақпаратымен алмасуды қамтиды.
Қазақстандық және Әзірбайжандық тараптар екі елде де шығарылатын ғылыми-техникалық журналдарда әзірбайжандық және қазақстандық мамандардың мақалаларын жариялауды екіжақты тәртіппен келісті. Тараптар негізгі қызметінен басқа гидрометеорология мәселелері бойынша бірлескен семинарлар мен конференцияларға өз мамандарының қатысуын келісті.