Республиканың солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарда көбінесе «толық пісу» даму фазасы, Ақмола облысында «дәннің уыздануы»-«толық пісу», кеш себілген егістіктерде «дәннің сүттенуі» байқалады. Батыста жаздық бидай «дәннің уыздануы» - «толық пісу» фазаларында. Жаздық бидай мен арпаның жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жерлерде қанағаттанарлық.
Республиканың астық егетін аймақтарында жаздық дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде.
Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылу сүйгіш дақылдар (соя, мақта) егістіктерінде мақтада «1-қорапшаның ашылуы» - «1-қорапшаның пісуі» фазалары жалғасуда, сояда «гүлденудің соңы» - «пісудің бірінші кезеңі» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Жетісу облысында қант қызылшасында «төменгі сыртқы жапырақтардың сарғаюы» фазасы жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы.
Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында жүгері егістіктерінде «толық пісу», Алматы облысының Шелек метеостанциясының маңайында «дәннің уыздануы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір егістерде өте жақсы. Жамбыл облысы Саудакент метеостанциясының маңайында егін жинау жұмыстарына кіріскен.
Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында күріш дақылдарында көбінесе «толық пісу» даму кезеңі байқалған. Күріштің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жерлерде қанағаттанарлық. Жетісу облысында Үштөбе метеостанциясының маңайында және Қызылорда облысы Шиелі ауданының Шиелі метеостанциясының маңайында егін жинауға кіріскен.
Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында күнбағыс дақылдарында «пісу» - «егіндік пісуі» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және кейбір жерлерде өте жақсы.
Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде майлы зығыр дақылдарында «ерте сарғайып пісу» - «толық сарыланып пісу» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық.
Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде көбінесе «пәлектің солуы» даму кезеңі байқалады, егін жинауға кіріскен. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар әлсіз тапталған, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданындағы жайылымдар және Маңғыстау облысының кейбір жайылымдары тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым және Ақжайық аудандарында жайылымдар қатты тапталған, қалған жайылымдар бірқалыпты тапталған.
Жайылымдардағы шымның жағдайы құрғақ. Жайылымдардағы шөптердің жалпы визуалды бағалау бойынша жағдайы біркелкі емес, «өте жақсы» көбінесе солтүстікте, оңтүстік-шығыстың кейбер жайылымдарында, аумақтың басым бөлігінде шөптердің жағдайы «жақсы», кейбір жайылымдарда «қанағаттанарлық». Алматы облысының Балқаш ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында «өте жақсы».
Топырақтың метрлік қабатында топырақтың оптималды және қанағаттанарлық ылғалдануы топырақтың барлық қабаттарында ылғал жетіспеушілігі байқалған Маңғыстау, Қостанай және Қызылорда облыстарынан басқа, республиканың барлық аймақтарында орын алған.