2024 жылдың 18 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Финляндия метеорологиялық институты басшылығының кездесуіне қатысты. «Қазгидромет» РМК онлайн қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты - Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қою болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Қазгидромет» РМК арасында ынтымақтастықтың орнағанына он жылдан астам уақыт өткенін айта кеткен жөн, өйткені бұл университет гидрометеорологиялық сала үшін негізгі мамандарды даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Ал Финлиндия метеорологиялық институтымен Қазгидромет 12 жылдан астам ынтымақтастық жасауда және белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. Осындай жетістіктердің бірі - Қазгидрометтің оперативтік қызметіне «Silam» атмосферадағы қоспалардың таралуын болжаудың өңірлік моделін енгізу болды, бұл ауаның ластануын мониторингілеу және болжау саласындағы біздің мүмкіндіктерімізді айтарлықтай арттырды.
«Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева өз сөзінде бұл келісімнің метеорология және ауа сапасы саласындағы одан әрі ынтымақтастық үшін жаңа көкжиектерді ашатынын атап өтті.
- Біздің ынтымақтастығымыз мекемелер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар ғылымның дамуына және Қазақстандағы атмосфералық ауа мониторингісіне жаңа практикаларды енгізуге айтарлықтай әсер ететініне сенемін - деп атап өтті Д.Әлімбаева.