Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2024 жылдың 18-19 қыркүйегі күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да спутниктік метеорологиялық деректер және оларды қолдану бойынша болжамшыларға арналған екі күндік халықаралық тренинг (WMO-cimss Forecaster Training on Satellite Meteorology data and Applications) өтті. Іс-шараны география және табиғатты пайдалану факультеті Дүниежүзілік метеорологиялық ұйыммен (ДМҰ) және Метеорологиялық спутниктік зерттеулер кооперативтік институтымен (МСЗКИ) бірлесіп ұйымдастырды.
Тренингке ДМҰ өкілдері, ҚазҰУ-ның және Қазақстанның, Әзірбайжанның, Арменияның, Беларусияның, Қырғызстанның, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен студенттері, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлері қатысты.
Тренингті АҚШ-тағы Висконсин-Мэдисон университетінің зерттеушісі
Тим Вагнер және ДМҰ ғарыш жүйелері және пайдалану бөлімінің басшысы Наталья Донохова жүргізді.
Тренингтің алғашқы күні мамандар спутниктік метеорология, бұлттар мен жауын-шашынды зерттеу мәселелерімен және өрт туралы ғылыммен танысты. Екінші күн гидрология, су тасқыны және су басу бойынша өзекті тақырыптарға, сондай-ақ спутниктен су тасқынын анықтауға арналды. Оқу аяқталғаннан кейін семинарға қатысушылар Қазгидрометтің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалына барды.