Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Күздің бірінші айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы көпжылдық мәндер шамасында болды, еліміздің шығыс жартысында ауа температурасы нормадан 1-2° төмен, ал еліміздің қиыр батысының кей аудандарында нормадан 1-2° жоғары болды.
Қыркүйектің бірінші жартысында еліміздің батысында ыстық ауа-райы байқалды, термометрлердің бағандары +29+35°С дейін жоғарылады. Осы кезеңде Ақтау метеостанциясында (бұдан әрі-М) максималды температураның бірнеше жаңа рекордтары орнатылды. Мысалы, 1 қыркүйекте ауа температурасы +35,5°С-қа жетіп, 2003 жылғы алдыңғы рекордты жаңартты, 12 қыркүйекте дәл осы метеорологиялық станцияда +34,0°С рекорды қайта орнатылып, 1990 жылғы рекорд жаңартылды. 16 қыркүйекте +31,3°С тіркеліп, 2001 жылғы рекорд жаңартылды (+31,2°С).
Еліміздің қалған бөлігінде суық арктикалық ауа массаларының енуі жиі байқалды. 27 қыркүйекте Қарағанды М-да ауа температурасы -5,7°С-қа дейін төмендеп, 1969 жылғы рекордты жаңартты (-4,1°С).
Қыркүйек айында жауын-шашын еліміздің басым бөлігінде нормадан аз жауды. Еліміздің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында нормадан көп болды, оны растайтын, осы аймақтардың бірқатар метеорологиялық станцияларында рекордтық жауын-шашынның түсуі. Қатты жауын-шашын байқалды: 1 қыркүйекте Қарауыл (Абай облысы) М-да 31 мм, бір айдағы норма 14 мм, 6 қыркүйекте Жолболды (Павлодар облысы) М-да 30 мм, норма 19 мм. 26 қыркүйекте Алматы облысының тауларында жауын-шашын жауып, жылбысқы қарға ұласты, Тұйықсы АМС-да 69 мм түсті, Мыңжылқы М-да 58 мм, Шымбұлақ М-да 52 мм, БАО М-да бір күнде жауын-шашынның айлық нормасы - 47 мм түсті, норма 44 мм.
Ай бойы жел жиі 15-25 м/с-қа дейін күшейіп, 27-28 қырқүйекте Достық М-да жел 31 м/с-қа жетті.
Астана қаласында қыркүйек айында ең төменгі ауа температурасы 27 қыркүйекте -0,1°С, ал ең жоғары температура – 30 қыркүйекте +22,5°С тіркелді.
Ауаның орташа айлық температурасы +11,3°C болды, бұл норма шамасында (норма: +12,6°C). Бір айда жауын-шашын 36 мм түсті, нормасы 21 мм. 4 қыркүйекте жауын-шашынның рекордтық мөлшері 27 мм түсті, бұл норманың 128% құрады.