2024 жылдың қазан айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 16.10.2024

Еліміздің солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталуда, агрометеорологиялық жағдайлар жақсы болған.

Республиканың оңтүстік-шығысында (Аламаты, Жамбыл облыстары) күздік бидай себу жұмыстары жалғасуда. Алматы облысының Ұзынағаш метеостанциясының маңайында «дәннің өнуі» байқалады. Жамбыл облысының Қордай агропостының маңайында алғашқы көктеу байқалған.

Еліміздің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылу сүйгіш дақылдар егістігінде (соя, мақта) мақтада «1-ші қорапшаның пісуі» кезеңі жалғасуда, Алматы облысының Шелек метеостанциясының маңайында соя жинауға кіріскен. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.

Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында күнбағыс егістіктерінде «егіндік пісуі» кезеңі байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және кейбір егістерде өте жақсы. Шығыс Қазақстан облысы Дмитриевка, Үржар, Новоахмирова және Самарка метеостанцияларының маңайларында егін жинауға кіріскен.

Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде майлы зығыр дақылдарында «толық сарыланып пісу» даму кезеңі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының Чкалово метеостанциясы мен Бұлақ агропостының маңайларында егін жинауға кіріскен.

Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар әлсіз тапталған, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында және Қарағанды облысының Шет ауданында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов, Ақжайық аудандарында жайылымдар қатты тапталған, қалған жайылымдардың бірқалыпты тапталуы байқалады.

Қазан айының бірінші онкүндігінде Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжар ауданында, Маңғыстау облысының Манғыстау, Бейнеу аудандарында және Ақтөбе облысының кейбір жайылымдарында шым дымқыл болған, жайылымдық мал шаруашылығының қалған аумағында шымның құрғақ күйі байқалған.

 Топырақтың метрлік қабатында ылғал қоры жеткіліксізден оңтайлыға дейін әр түрлі болып қалыптасқан.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз