2024 жылдың қазан айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 24.10.2024

Қазақстаннның солтүстік жартысында егін жинау жұмыстары аяқталу сатысында, агрометеорологиялық жағдайлар қанағаттанарлық болды.

Республиканың оңтүстік-шығысында (Аламаты, Жамбыл облыстары) күздік бидай егу жұмыстары жалғасуда және дала жұмыстары сапалы жүргізілуде. Алматы облысында «астықтың өнуі»- «шильце» фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы. Қыркүйектің үшінші онкүндігінде егіс жүргізілген Жамбыл облысы Қордай агропостының маңында «3-ші жапырақ» фазасы, ал Сарыкемир метеостанциясының маңында  «астықтың өнуі»- «шильце» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы. Жетісу облысы Талдықорған метеостанциясының маңында күздік бидай "астықтың өнуі" фазасында.

Еліміздің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылуды жақсы көретін дақылдар егістігінде (мақта) мақтада «1-ші қорапшаның ашылуы» фазасы жалғасуда, ал Бөген агропостының маңында мақтаны жинауға кірісті. Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында барлық күнбағыс егістіктерінде « толық сарғайып пісу» даму фазасы байқалады, өсімдіктердің жағдайы жақсы және кейбір жерлерде өте жақсы. Шығыс Қазақстан облысы Секисовка агропостының маңында күнбағыс жинауға кірісті.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша метеостанциясы маңындағы бақыланатын учаскелерінде зығыр дақылдарының жиналуы басталды.

Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар әлсіз тапталған, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов, Ақжайық аудандарында жайылымдар қатты және қалған жайылымдарда бірқалыпты тапталған. Қазіргі уақытта көптеген жайылымдарда шымның ығал болуы, ал солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте кейбір жайылымдарда шымның құрғақтығы байқалады.

Солтүстік аймақтарда, орталықта және шығыс, оңтүстік-шығыс облыстарында топырақта ылғалдың жиналуының оңтайлы және қанағаттанарлық жағдайлары қалыптасты.

Солтүстік-батыста және батыс, оңтүстік аймақтарының жекелеген аудандарында топырақта ылғалдың жиналуы жеткіліксіз болды.    

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз