Қазгидромет қызметкерлері еңбек заңнамасын қолдану жөніндегі оқудан өтті

IconЖарияланды 14.11.2024

2024 жылдың 13-14 қарашасы күндері Астана қаласында Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің персоналмен жұмыс басқармасы мамандары, өңірлік филиалдарының өкілдері және келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайынғы оқудан өтті.  

Биылғы курстың негізгі тақырыбы - ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер және оларды қолдану, сондай-ақ жұмыс берушінің келісу комиссиясының жұмыс істеу ерекшеліктері болды.

Оқу курсы аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз