Қазгидромет құрғақшылық жөніндегі семинарға қатысты

IconЖарияланды 18.11.2024

2024 жылдың 14-15 қарашасы күндері Германияның Кобленц қаласындағы Федералдық гидрология институтында Құрғақшылық қаупін болжаудың қолданыстағы көп секторлы жаһандық жүйесін әзірлеу (OUTLAST) жобасы аясында мүдделі тараптарға арналған семинар өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО орталығының қолдауымен және ДМҰ-ның гидрология бойынша 2022-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында Федералдық гидрология институты (BfG) ұйымдастырды.

OUTLAST - құрғақшылық қаупін алдын ала ескертудің жаһандық жүйесін әзірлеу бойынша зерттеу жобасы. Алғашқы екі өңірлік семинар 2023 жылдың қыркүйек айында Кенияның Найроби қаласында және 2023 жылдың қазан айында Қазақстанның Алматы қаласында ойдағыдай өтті. Ғылыми курсқа
8 елден 10 мүдделі тарап, сондай-ақ ДМҰ-ның 20 өкілі, BfG ғылыми қызметкерлері және OUTLAST командасы қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты - мүдделі тараптардың құнды идеялары мен көзқарастарын білу және оны ақпараттық тәсілмен құрғақшылық қаупінің индикаторларына біріктіру.

Қазақстанның тарапынан «Қазгидромет» РМК агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы Қамар Сәлиева «Қазақстан аумағындағы құрғақшылықты мониторингілеу және құрғақшылық жағдайларын болжау» атты баяндама жасады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз