2024 жылдың 26 қарашасы күні Каспий теңізінің шидрометеорологиясы жөніндегі үйлестіру комитетінің (КАСПКОМ) 8-ші (28) сессиясы онлайн форматта өтті.
Іс-шараға Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Түркіменстан ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің делегациялары қатысты.
КАСПКОМ - қоршаған ортаны мониторингілеу және климаттың өзгеруі саласындағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған Каспий өңірі мемлекеттерінің ынтымақтастығына арналған бірегей платформа.
КАСПКОМ комитетінің негізгі міндеттері:
«Қазгидромет» РМК атмосфераның жай-күйі, гидрологиялық процестер және климаттық өзгерістер туралы деректерді ұсына отырып, КАСПКОМ қызметіне белсенді қатысады.
КАСПКОМ шеңберіндегі бірлескен жұмыс Каспий маңы мемлекеттеріне климаттың өзгеруіне бейімделуге, экологиялық тәуекелдерді азайтуға және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Отырыстың қорытындысы бойынша КАСПКОМ комитетінің 9-шы (29) сессиясының өтетін орны мен уақыты анықталды.