2024 жылдың қараша айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 04.12.2024

Жамбыл және Түркістан облыстарының күздік бидай бақыланатын учаскелерінде «көктеу» - «3-ші жапырақ» даму фазалары байқалады, онкүндіктің басында Жамбыл облысының Төлеби метеостанциясының маңайында топырақты өңдегеннен кейін күздік бидай себілген, онкүндіктің соңында «колеоптиль» даму фазасы байқалған. 

Түркістан облысында ауа температурасының төмендеуі аясында биіктігі 1 см қар жамылғысы байқалды, бұл күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің тоқтауына әкелген. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір егістерде өте жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 5-12 см.

Күзгі егіс аудандарында қар жамылғысы көбінесе болмаған, тек Жетісу облысының Сарқанд метеостанциясы мен Түркістан облысының Тасарық метеостанциясының маңайларында онкүндіктің соңғы күнінде қар жамылғысының биіктігі 1-3 см болған, топырақтың қатуы Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 1-8 см, Жетісу облысында (Сарқант метеостанциясы) топырақ 16 см дейін қатқан, Жамбыл және Түркістан облыстарында топырақтың қатуы байқалмған.

Қарашаның өткен онкүндігінде ауа-райы мал жайылымына қолайлы болған, жайылымдарда тегіс мал жайылымы жүргізілген.

Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар бірқалыпты тапталған, Ақтөбе облысының кейбір жайылымдарының әлсіз тапталуы байқалады, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жайылымдар қатты тапталған. Көптеген жайылымдарда шымның қатқақ болуы байқалады, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста кейбір жайылымдарда дымқыл, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы жекелеген жайылымдарда құрғақ болуы байқалады.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз