Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Бішкекте 2024 жылдың 4 желтоқсаны күні Шу және Талас өзендерінің су ресурстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан және Қырғызстан комиссиясы хатшылығының жанындағы қоршаған ортаны қорғау жұмыс тобының (ҚОҚЖТ) 12-ші отырысы өтті.
Отырысқа ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және «Қазгидромет» РМК мамандарын қоса алғанда, Қазақстан өкілдері, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігінің қызметкерлері қатысты. Бұдан басқа ЕҚЫҰ-ның Бішкек қаласындағы бағдарламалық кеңсесінің аймақтық даму жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Прудцкий де қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
1. Су сапасын мониторингілеу.
2. Гидрометеорологиялық мониторинг.
3. Гидродинамикалық модельдеу.
4. 2025 жылға арналған жұмыс жоспары.
Отырыстың нәтижелері Комиссияның 35-ші отырысында ұсынылатын болады, ал ҚОҚЖТ-ның келесі отырысы Қазақстанда 2025 жылдың төртінші тоқсанында өтеді.