Жайық өзенінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының төртінші отырысы

IconЖарияланды 13.12.2024

2024 жылдың 12 желтоқсаны күні Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының төртінші отырысы өтті.

Талқылауға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Ш. Әлиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д. Н. Тұрғанов, «Біздің Жайық - біздің Орал» экологиялық - туристік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Е.И. Тарасенко, «Қазгидромет» РМК мамандары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Ресей тарапынан Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігінің мамандары қатысты.

Отырыс аясында келесі аспектілер қаралды:

- Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру.

- Қазақстан және Ресей аумақтарының трансшекаралық тұстамасындағы

Жайық (Орал) өзені бассейні суларының сапасына жүргізілген мониторингтің нәтижелері.

- Жайық (Орал) өзені бассейніндегі жайылма ормандарды сақтау және қалпына келтіру мәселелері.

- Жайық (Орал) өзеніндегі бекіре балықтарын сақтау және өсіру  мәселелері.

-Қоғамдық-экологиялық сананы және Жайық (Орал) трансшекаралық өзенінің бассейніне ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері.

Экологиялық мониторинг мәселелеріне ерекше назар аударылды. Төртінші отырыстың қорытындысы тиімді халықаралық ынтымақтастық нақты өзгерістерге әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Трансшекаралық экожүйелерді қорғау мәселелері келісілген әрекеттерді талап етеді және Жайық өзенінің экожүйесін сақтау жөніндегі комиссия - көрші елдердің ортақ мақсатқа жету үшін қалай жұмыс істей алатынының айқын дәлелі болып табылады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз