Қазгидромет қызметкерлері Тез өрбитін су тасқынын болжау орталығының отырысына қатысты

IconЖарияланды 19.12.2024

2024 жылғы 16-18 желтоқсан аралығында Түркияның Стамбул қаласында
Тез өрбитін су тасқынын және су басуды күні бұрын ескерту жүйесі (FFGS/WGC) бойынша кезекті кездесулер өтті.

Отырысқа Қазақстанның тарапынан «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров қатысты.

Іс-шара аясында:

* Бағдарламаны басқару комитетінің (ББК) екінші отырысы;

* ББК және Атқарушы топтың (АТ) бірлескен отырысы;

* АТ жеке отырысы өткізілді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

* FFGS жүйесінің тұрақты даму стратегиясын және оқыту бағдарламаларын бекіту;

* жүйені іске асыру жоспарын жаңарту;

* ағымдағы бағдарламаларды, оқу жоспарларын және маркетингтік стратегияларды талдау.

Іс-шаралардың мақсаты:

* стратегиялық міндеттерді келісу және жүйені дамыту;

* FFGS жүйесі жұмысының тиімділігін талқылау және оның ұзақ мерзімді тұрақтылығын нығайту;

* алдыңғы отырыстар шешімдерінің орындалуын бағалау және келесі қадамдарды жоспарлау.

Кездесулердің қорытындысы су тасқынын болжауды жетілдіруге және олардың салдарына дайындықты арттыруға бағытталған. Қазгидрометтің осындай отырыстарға қатысуы халықтың қауіпсіздігін арттыруға, экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және елдің гидрометеорологиялық қызметін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз