2024 жылдың желтоқсан айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 25.12.2024

Желтоқсанның екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығыс аудандарында күздік дақылдардың өсу температуралық фоны негізгі нормадан жоғары болды. Қүздік дәнді дақылдар қысқы тыныштықта болды.

Алматы облысы мен Жетісу облысының бақылау учаскелерінде ауаның төменгі температурасы минус 19...23 ºС дейін және күздік бидайды тамыр мойын  тереңдігіндегі топырақтың төменгі температурасы (3 см) минус 3...5 ºС дейін төмендеді. Топырақтың қату тереңдігі 3-13 см-ден 22-27 см-ге дейін өзгерді. Алматы облысында күздік дәнді дақылдар онкүндіктің барлық күндерінде қар жамылғысының астында болды, қар жамылғысының биіктігі 7-11 см, ал Жетісу облысында қар жамылғысының биіктігі артып, онкүндіктің соңында 12-30 см болды.

Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік дәнді дақылдарды өсіретін аудандарында ауаның орташа температурасы минус 2º…8ºС құрады, бұл нормадан 1...3ºС төмен болды. Ауаның төменгі температурасы минус 15-20ºС-қа дейін (минус 25°С) және күздік бидайды тамыр мойын  тереңдігіндегі топырақтың төменгі температурасы (3 см) минус 1...7°С-қа дейін төмендеді. Барлық жерде дерлік қар түрінде жауын-шашын болды, қар жамылғысының биіктігі 8-12 см-ден 19-28 см-ге дейін, Жамбыл облысының жекелеген аудандарында қар жамылғысының биіктігі 5 см және одан аз болды, бұл күздік бидайдың дамымаған дақылдарының қысқы төзімділігіне әсер етуі мүмкін. Көптеген аудандарда топырақ 5-11 см-ден 15-26 см тереңдікке дейін қатуы байқалды, кейбір жерлерде топырақ қатқан жоқ.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы қыстайтын дақылдардың агрометеорологиялық жағдайлары қанағаттанарлық болды. Қыстайтын дақылдар үшін қауіпті ауа мен топырақ температурасының төмен көрсеткіштері байқалмады.

Желтоқсанның өткен онкүндігінде ауа-райы жайылымға қолайлы болды, жайылымдарда малдар барлық жерде жайылды.

Көптеген жайылымдарда шымның қатқақ болуы, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста кейбір жайылымдарда шымның дымқыл болуы орын алған.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз