2024 жылдың желтоқсан айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 05.01.2025

Желтоқсанның үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік бидай себілетін аудандарында температуралық фон көбінесе нормадан 1...3ºС төмен, кейбір аудандарда нормаға жуық болған, жауын-шашын нормадан аз түскен, тек Жамбыл облысы мен Жетісу облысының жеке аудандарында нормаға жуық жауын-шашын түскен. Күздік бидай әлі де қысқы тыныштықта болған.

Алматы облысы мен Жетісу облысының бақылау учаскелерінде ауаның минималды температурасы минус 13...19ºС дейін және күздік бидайдың түптену түйіні тереңдігінің (3 см) минималды температурасы минус 4...6ºС дейін төмендеген. Топырақтың қату тереңдігі 9-20 см-ден 33-41 см-ге дейін болған. Алматы облысында күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарда онкүндік бойы күздік бидай қар жамылғысының 9-16 см биіктіктігі астында болған, Жетісу облысында онкүндіктің соңында қар жамылғысының биіктігі 14-24 см құраған.

Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидай себілетін аудандарда ауаның орташа температурасы минус 1...7ºС құраған, бұл нормадан 1...2ºС төмен. Минималды ауа температурасы минус 10...18ºС дейін төмендеген, кей жерлерде (минус 22°С) және күздік бидайдың түптену түйіні тереңдігінің (3 см) минималды температурасы минус 6°С дейін төмендеген. Қар жамылғысының биіктігі 3-6 см-ден 7-12 см-ге дейін болған. Қар жамылғысының биіктігі 5 см төмен болған жерлерде әлсіз дамыған күздік бидайдың қысқы төзімділігінің төмендеуі мүмкін. Жамбыл облысының көптеген аудандарында топырақ 7-14 см-ден 21-31 см-ге дейін қатқан, оңтүстігінде топырақ еріген, тек Шымкент метеостанциясының маңайында топырақ 6 см дейін қатқан.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидайдың қыстауына орын алған агрометеорологиялық жағдайлар қанағаттанарлық болған. Қыстайтын дақылдар үшін қауіпті ауа мен топырақ температурасының төмен мәндері байқалмаған.

Желтоқсанның өткен онкүндігінде ауа-райы жайылымдағы мал жайылымына қолайлы болған, жайылымдарда мал тегіс жайылған, Ақтөбе облысының Алға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым және Жәнібек аудандарында, тек Қостанай облысының Арқалық ауданында ғана жануарларды қорада ұстауға көшкен.

Жайылымдарда көбінесе шымның дымқыл болуы байқалады, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы, Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы және Жетісу облысының Қаратал ауданындағы кейбір жайылымдарда шым дымқыл болған.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз