Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. Еліміз бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі.
18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын күтіледі.
Қатты қар 20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында жауады. 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарындада күтіледі.
22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендейді:
• батыста температура 10-20 градус аяз;
• солтүстік-батыс пен солтүстікте 20-30 градус аяз;
• орталық пен шығыста 25-35 градус аяз;
• оңтүстікте 12-25 градус аяз;
Ел тұрғындарын қатты аяз бен күрделі ауа райына дайын болуға шақырамыз.