Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Бүгін Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі «Қазгидромет» қабырғасында Швейцария Елшілігінің өкілдері мен BPCA халықаралық сарапшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар «Blue Peace» бастамасының «Қазгидромет» қызметі үшін, әсіресе гидрологиялық мониторинг пен климаттық зерттеулер саласындағы өзектілігін талқылады. Су ресурстарын тұрақты басқаруға бағытталған SAPPHIRE халықаралық жобасы аясындағы ынтымақтастық әлеуеті мәселелері көтеріліп, өзара қызығушылық танытқан негізгі бағыттар анықталды.
Талқылаудың маңызды нәтижелерінің бірі – «Қазгидрометке» «Blue Peace» бастамасының Техникалық консультативтік комитетіне қосылу туралы ұсыныс жасау болды.
Бұл кездесу халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен су ресурстарын сақтау және климаттың өзгеруіне бейімделу бағытындағы бастамаларды ілгерілетудегі маңызды қадамға айналды.