Қазгидромет 2025 жылға арналған Қазақстандағы су тасқыны жағдайына алдын ала болжам жасады. Қазгидромет мониторингті жалғастырып, болжамдарды тұрақты түрде жаңартып отыратын болады. Су тасқыны қаупі туындаған жағдайда қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар жедел түрде ұсынылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап, РГП «Қазгидромет» орталық аппаратынан шыққан болжамнан бөлек, әрбір облыс бойынша су тасқыны кезеңінде кеңес-анықтамалық (бюллетень) ақпараттары шығарылады. Бұл анықтамаларда жауын-шашын, топырақ ылғалдылығы, топырақтың тоңу тереңдігі, су тасқыны кезеңіндегі аудандық деректер, сондай-ақ гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің максималды деңгейі, су шығындары және ағымдары туралы егжей-тегжейлі ақпараттар көрсетілетін болады.
Толық болжам және мамандардың пікірлері Қазгидрометтің ресми YouTube арнасында жарияланған бейнемазмұнда қолжетімді.
Қазгидрометтің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жаңартуларды бақылап отырыңыз.