Ақпан - жылдың ең құбылмалы айларының бірі, бұл ай ауа температурасының күрт өзгеруімен сипатталады - аяз және жылымық.
Ақпан айының басында Солтүстік-батыс циклонының әсерінен жауын-шашынды бұлтты ауа-райы – қар, жылбысқы қар, жаңбыр, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Республика аумағында екпінді жел, тұман және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республиканың басым бөлігінде ақпанның алғашқы күндерінде ауа температурасының көтерілуі күтіледі:
- елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз 0,+10°С дейін;
- республиканың солтүстік жартысында түнде -2-7°С дейін, күндіз -4+1°С дейін.
Елдің шығысы мен орталығында температураның негізгі фоны түнде -12-20°С, күндіз 0,-8°С дейін жылынады деп болжанады.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Салехард аудандарынан суық антициклонның әсерінен Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі болжанады:
- елдің солтүстік жартысында түнде -28-35°С дейін, күндіз -20-25°С дейін;
- оңтүстік жартысында түнде -13-20°С дейін, күндіз -5-12°С дейін, таулы аймақтарда және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде түнде -30°С дейін, күндіз -20°С дейін.
Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде консультативтік болжамға сәйкес, аязды күндер жылы күндер мен алмасады, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.
Суық антициклонның енуіне байланысты қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:
солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін;
республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін.
Ал циклондық белсенділік кезеңінде ауа температурасының Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз -5+3°С дейін, елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С дейін жоғарылауы күтіледі.