"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы қаңтардан бастап су объектілеріндегі су сапасының жаңартылған Бірыңғай жіктеу жүйесін қолданады

IconЖарияланды 14.02.2025

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы қаңтардан бастап өзендердегі, арналардағы және су қоймаларындағы суларды бағалау үшін жаңартылған Су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – Бірыңғай жіктеу) (ҚР СРИМ СШК 20.03.2024 жылғы № 70 бұйрығы) су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін қолдану жөніндегі бекітілген Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (ҚР ЭТРМ № 275-п 14.11.2024 бұйрығымен бекітілген) қолданады.

Бірыңғай жіктеу су объектісінің экологиялық әлеуетін интегралды бағалауға негізделген, құрамында оттегі режимінің көрсеткіштері, органолептикалық параметрлер, минерализация мәндері, биогендік заттар, металдар, органикалық және улы заттар, пестицидтер, гидробиологиялық, токсикологиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бар.

Бірыңғай жіктеу су сапасының «ең жақсы сападағы» судың «ең нашар сападағы» (I- VІ) сапаның алты класына қамтиды. Бұл суды пайдаланудың: экожүйе, балық, ауыз су, рекреациялық, суару, өнеркәсіп, гидроэнергетика және көлік әртүрлі түрлерінің талаптарын ескеруге мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз