Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі ("Қазгидромет") 2025 жылдың көктеміне арналған су тасқыны жағдайының негізгі болжамын жариялады. Болжам суық мезгілде жауған жауын-шашынның мөлшерін, топырақтың қату тереңдігін және оның бетінде мұз қабығының болуын талдауға негізделген.
Өзендер ашылғаннан кейін халықты және басқару органдарын жедел ақпараттандыру үшін апта сайын қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар жарияланатын болады.
Толық болжамды kazhydromet.kz ресми YouTube арнасынан көре аласыз.
Соңғы жаңалықтарды kazhydromet.kz ресми сайтынан бақылап отырыңыз.