6 наурызда "Қазгидромет" РМК-да жапондық Riken Kogyo INC компаниясының және "Tokyo Rockbox Almaty"ЖШС(TRA) өкілдерімен кездесу өтті.
Тараптар қар құрсауына ұшыраған темір жол учаскелеріндегі ауа райы жағдайларын есептеу үшін технологиялық шешімдерді әзірлеу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Құрамына президент Шибао Юкихиро, департамент директоры Тешима Сатоси және Сама Нао кірген жапондық делегация осы саладағы озық тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесудің ресми бөлімінен кейін қонақтарға гидрометеорологиялық орталық бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Жапондық компания өкілдеріне ауа-райын болжау технологиялары, өзгерістерді бақылау әдістері көрсетілді.
Кездесуге қатысушылар тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның теміржол инфрақұрылымы мен жол магистральдарына әсер ететін қарлы борандарға және басқа да ауа райы құбылыстарына қарсы іс-қимыл бойынша қолдау көрсету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.