12 тамызда Каспий теңізінің жағалауын бөлісетін елдер Каспий теңізі күнін атап өтеді. Бұл дата әлемдегі ең үлкен тұйық су айдынының бірегей экожүйесін сақтау маңыздылығын еске салуға арналған.
«Каспий теңізі күні» – Каспий теңізінің экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы жұртшылықтың және басқа да мүдделі тараптардың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ оларды теңіз ортасын қорғауға тартудың негізгі тетігі болып табылады.
Каспий теңізі күнін Иранның бастамасымен және Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясына мүше барлық елдердің қолдауымен белгіленді. Конвенция 2006 жылғы 12 тамызда күшіне еніп, теңіз экожүйесін кешенді қорғауға бағытталған алғашқы құқықтық құжат болды.