«Қазгидромет» РМК-ға Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстанның ДСҰ жанындағы Елшісі Қайрат Қалмұқаметұлы Торебаев ресми сапармен келді.
Сапар барысында Қайрат Торебаев РМК «Қазгидромет» бас директоры Данара Алимбаевамен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – танысу және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) аясындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылау.
Қайрат Торебаев бұған дейін Женевада ДМҰ Бас хатшысымен кездескенін атап өтіп, ұйыммен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында қозғалған негізгі мәселелердің қатарында «Қазгидрометті» заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және техникалық базасын нығайту, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі атынан халықаралық аренада ел мүддесін ілгерілету мәселелері болды.
Бұл сапар Женевадағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі мен Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын, ДМҰ-мен ынтымақтастықты нығайту және гидрометеорология саласын дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмыстың өзектілігін айқындады.