«Қазгидромет» РМК БАӘ Ұлттық метеорология орталығы және «Қазаэронавигация» РМК-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

IconЖарияланды 03.10.2025

2025 жылғы 2 қазанда Астанада «Digital Bridge 2025» халықаралық форумы аясында Қазақстанда бұлтты себу жұмыстарын жүргізуге арналған пилоттық аймақты айқындау бойынша үшжақты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қойғандар:

Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорология орталығының бас директоры – доктор Абдулла Ахмед Аль Мандус;

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК бас директоры – Данара Алимбаева;

ҚР Көлік министрлігінің «Қазаэронавигация» РМК бірінші бас директордың орынбасары – Серик Шулембеков.

Меморандум Қазақстанда бұлтты себудің пилоттық жобасын іске асыру үшін оңтайлы аймақты анықтауға бағытталған дайындық шаралары мен бірлескен зерттеулерді жүргізуді көздейді.

Аталған құжатқа қол қою тараптардың гидрометеорологиялық процестерге белсенді ықпал ету технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік іске асырудағы күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл метеорологиялық қамтамасыз етудің инновациялық әдістерін дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз