«Қазгидромет» РМҚ апаттар қаупін азайту мәселелері бойынша халықаралық ағарту күнімен құттықтайды

IconЖарияланды 13.10.2025

Жыл сайын 13 қазанда апаттар қаупін азайту мәселелері бойынша халықаралық ағарту күні атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты – төтенше жағдайларға дайындық мәдениетін қалыптастырудың және табиғи апаттардың салдарын азайту тәсілдері туралы халықтың хабардарлығын арттырудың маңыздылығына назар аудару. Бақылау мен болжау технологияларының дамуының, сондай-ақ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) секілді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың арқасында «Қазгидромет» қоғамның табиғи апаттарға төзімділігін арттыруға бағытталған «Баршаға арналған ерте ескерту» жаһандық бастамасын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келеді. Осы күні «Қазгидромет» еліміздің қауіпсіздігі мен орнықты дамуына өз үлесін қосып, сенімді мониторинг пен дер кезінде болжам ұсынатын барлық қызметкерлерге алғыс білдіреді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз