Консультативтік болжамға сәйкес республиканың басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы норма шамасында болады, батыс аумақтарында – нормадан 1-2°С жоғары, ал елдің солтүстік-шығыс және шығысында – нормадан 1°С төмен күтіледі.
Желтоқсанның бірінші онкүндігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады: батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта жауын-шашын күтіледі, негізінен қар түрінде, ал оңтүстік-батыста және елдің оңтүстік жартысында – жаңбыр мен қар түрінде. Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Желтоқсанның басында негізгі күндізгі ауа температурасының фоны келесідей болжанады:
> елдің батысында және Ұлытау облысында 0,+8°С;
> елдің солтүстік және орталық өңірлерінде -3+2°С;
> елдің шығысында 0,-8°С;
> елдің оңтүстік жартысында +5+13°С.
Алайда онкүндіктің соңына қарай солтүстік-батыс антициклоны Арктикадан келетін суық ауа массаларымен күшейіп, ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді:
> елдің батысында түнде -5-10°С, күндіз -3-8°С.
> елдің солтүстік, шығыс және орталық аумақтарында түнде -10-18°С, шығыстың кей аудандарында түнде -23°С дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін.
> елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -5+2°С, күндіз +3+10°С.
Екінші және үшінші онкүндіктерде түнгі температуралық фон -15-20°С-тан -5-10°С-қа дейін ауытқиды, күндіз әлсіз оң мәндегі -3+2°С-тан -5-10°С-қа дейін өзгереді, ал шығыста жекелеген күндері түнде температура -25-35°С-қа, күндіз -15-20°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Батыста және елдің оңтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 0,-5°С-тан -7-12°С-қа дейін ауытқиды, ал күндіз негізінен 0,+8°С шамасында болады деп күтіледі.
Желтоқсан айында ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын негізінен қар түрінде түсіп, ашық, аязды күндермен ауысып отырады. Кей жерлерде екпінді жел, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, бұл желтоқсан үшін қалыпты болып саналады.