Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында «Қысқы кезеңнің өтуі. Авариялық-құтқару жұмыстары. Болжамдық деректер» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті басқармасының басшысы, РМК «Қазгидромет» және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында РМК «Қазгидромет» синоптигі алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. ТЖМ және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері тұрғындарды алыс жолдарға шығуға ұсынылмайтын ауа райы жағдайлары туралы хабардар етіп, қысқы кезеңде автомобиль жолдарында және қалалық ортада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді.
Брифингке қатысушылар қысқы кезеңде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтық шараларын сақтау, ресми ақпаратты уақтылы алу және уәкілетті органдардың ұсынымдарын орындаудың маңыздылығын атап өтті.