«Қазгидромет» РМК қызметкерлері метеорология, климатология, гидрология және Жер жүйесі туралы іргелес ғылымдарда жасанды интеллектті (ЖИ) қолдануға арналған Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) алғашқы вебинарына қатысты. Іс-шара 2026 жылғы 22 қаңтарда онлайн форматта өтті.
Аталған вебинар ДМҰ-ның жасанды интеллектке арналған тұрақты іс-шаралар сериясының бастамасы болды. Бұл бастама білім алмасуға, инновациялық шешімдерді таныстыруға және ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің жедел және ғылыми қызметіне ЖИ-технологияларды енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Алғашқы сессия барысында Канаданың Қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрлігі мен Корея метеорологиялық әкімшілігінің жедел мақсатта қолдануға арналған жасанды интеллект шешімдері ұсынылды.
«Қазгидромет» РМК мамандарының аталған вебинарға қатысуы кәсіби құзыреттілікті арттыруға, халықаралық озық тәжірибені зерделеуге, сондай-ақ ауа райын болжау, климаттық мониторинг және гидрометеорологиялық деректерді өңдеу салаларында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Кәсіпорын алдағы уақытта да ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту және салада заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында ДМҰ-мен өзара іс-қимылды және вебинарларға қатысуды жалғастырады.