Батыс Қазақстан облысында қар түсірілім жұмыстары жүргізілді

IconЖарияланды 27.01.2026

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалы қар жамылғысын мониторингілеу және су шаруашылығы жағдайын бағалау аясында облыс аумағында қар түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Қар түсірілімдері Батыс Қазақстан облысының өзен бассейндерінде орналасқан 26 далалық маршрутты қамтып, облыстың бес ауданын қамтыды:

  • Шыңғырлау ауданы (Ақтау, Ақшат, Ардақ, Ақбұлақ, Аққұдық, Қарағаш ауылдары),

  • Бөрлі ауданы (Қарағанды, Тасқұдық, Жосалы ауылдары),

  • Тасқала ауданы (Достық, Жігер ауылдары, Родники станциясы, Еменжар, Амангелді ауылдары — 3 маршрут),

  • Бәйтерек ауданы (Егіндібұлақ, Атамекен ауылдары),

  • Сырым ауданы (Жетіқөл, Алатау, Қошпеңкөл, Қоңыр, Тамды, Батпақты ауылдары — 2 маршрут, Ақсай–Жымпиты автомобиль жолы бойымен).

Барлық қар өлшеу маршруттары далалық болып табылады.

2026 жылғы 26 қаңтарда Ардақ, Ақшат, Жосалы, Қошпеңкөл, Жетіқөл және Алатау ауылдарында алты далалық қар түсірілімі жүргізілді.

Жүргізілген қар түсірілімдерінің нәтижелері бойынша қазіргі уақытта қар жамылғысының биіктігі 15–26 см аралығында екені анықталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 30–40% жоғары. Сонымен қатар, қардағы орташа су қоры өткен жылғы көрсеткіштерден 10–20% төмен.

Алынған деректер «Қазгидромет» РМК мамандары тарапынан ағымдағы гидрологиялық жағдайды бағалау және көктемгі су тасқынын болжау үшін пайдаланылады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз