Қарағанды және Ұлытау облыстарында Нұра және Шерубайнұра өзендері бассейндерінде қосымша қар түсірілімдері жүргізілді

IconЖарияланды 28.01.2026

«Қазгидромет» РМК-ның Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, 19–30 қаңтар аралығында қар жамылғысын мониторингілеу және гидрологиялық жағдайды бағалау мақсатында Нұра және Шерубайнұра өзендері бассейндерінде қосымша маршруттық қар түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Нұра өзені бассейнінің қарөлшеу маршруты өзеннің салаларында орналасқан 12 бақылау нүктесін қамтиды және облыстың екі ауданын қамтиды:

Бұқар жырау ауданы — Тоғызқұдық кенті (2 нүкте), Аққұдық кенті (1 нүкте), Қызылту кенті (1 нүкте);

Қарқаралы ауданы — Бесоба кенті (2 нүкте), Калинино кенті (1 нүкте), Матақ кенті (2 нүкте), Аққора кенті (2 нүкте), Кушоқы кенті (1 нүкте).

Шерубайнұра өзені бассейнінің қарөлшеу маршруты өзеннің салаларында орналасқан 11 бақылау нүктесінен тұрады және Шет ауданын қамтиды:
Спасск кенті (1 нүкте), Ақбастау кенті (1 нүкте), Қызылқой кенті (1 нүкте), Ақбауыр кенті (2 нүкте), Ақсу-Аюлы кенті (1 нүкте), Бұрма кенті (1 нүкте), Просторное кенті (1 нүкте).

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз