«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне арналған алдын ала гидрологиялық болжамды ұсынды. Болжам суық кезеңде түскен жауын-шашын мөлшеріне, топырақтың қату тереңдігіне және топырақ бетінде мұз қабатының болуына негізделген. Болжам алдын ала болып табылады және алдағы ауа райы жағдайларын ескере отырып нақтыланады. Өзендер мұздан ашылғаннан кейін халықты және басқару органдарын жедел хабардар ету мақсатында қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар апта сайын жарияланып отырады. Болжамның толық бейненұсқасы «Қазгидромет» РМК ресми YouTube-арнасында қолжетімді. Өзекті жаңалықтарды «Қазгидромет» РМК ресми сайтынан қадағалап отырыңыз http://ecodata.kz:3838/app_dg_map_kz/