Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында «Қазгидромет» ұлттық гидрометеорологиялық қызметі Дүниежүзілік метеорологиялық ұйыммен бірлесіп Орталық Азия елдерінің синоптиктеріне арналған өңірлік тренинг, сондай-ақ жедел дамитын су тасқындарының тәуекелін бағалау жүйесінің (CARFFGS) Басқарушы комитетінің отырысын өткізуде.
CARFFGS жүйесі жедел дамитын су тасқындарының туындау тәуекелін бағалауға арналған және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол метеорологиялық деректер, гидрологиялық модельдер және синоптиктердің тәжірибесі негізінде жедел ақпарат қалыптастырып, дер кезінде алдын алу шараларын қабылдауға және ықтимал залалды азайтуға мүмкіндік береді.
«Қазгидромет» FFGS жүйесі аясында Орталық Азия бойынша Өңірлік орталық болып табылады. Бүгінде әлемде осындай шамамен 16 орталық жұмыс істейді, олар өңірлік деңгейде жүйені үйлестіру мен дамытуға жауап береді.
Тренингтің негізгі мақсаты — мамандардың CARFFGS жүйесін қолдану бойынша кәсіби дағдыларын арттыру, су тасқындарын болжау әдістерін жетілдіру және тәуекелдерді бағалау мен дауылды ескертулерді шығару бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру.
Басқарушы комитет отырысы барысында қатысушылар жүйені одан әрі дамыту, гидрометеорологиялық қызметтер мен төтенше жағдайлар органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.