Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Қазгидромет» РМК Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның II Өңірлік қауымдастығы бойынша техникалық үйлестірушісі Йохан Лютермен бірлесіп «Баршаға арналған ерте ескерту» (Early Warnings for All) жаһандық бастамасын іске асыруға арналған халықаралық отырысқа қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының ҰГМС Бас директоры, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі Алимбаева Данара Қизатқызы ерте ескерту жүйелерін дамыту саласындағы Қазақстанның негізгі жетістіктері мен стратегиялық жоспарларын таныстырды.
Қазақстан бүгінде Орталық Азиядағы көшбасшылардың бірі ретінде күшті әрі орнықты гидрометеорологиялық платформа қалыптастырып отырғаны атап өтілді. Ұлттық қызмет жүз жылдан астам бақылау тәжірибесіне және шамамен 2000 станциядан тұратын дамыған желіге сүйенеді. Маңызды жетістіктердің бірі — 2 км айырымдылықтағы жоғары дәлдіктегі сандық болжауды енгізу, бұл өңірді жаңа технологиялық деңгейге шығарады.
«Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық қызметтердің толық циклін қамтамасыз етеді — мониторингтен бастап болжау мен ескертуге дейін. Сандық шешімдер, хабарландыру жүйелері және деректерге нақты уақыт режимінде қол жеткізу белсенді түрде дамытылуда.
Болашақтағы даму бағыттарына ерекше назар аударылуда: бақылау желісін жаңғырту, деректерді біріктіру, цифрлық сервистер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу.
Отырыс қатысушылары климаттық тәуекелдердің артуы жағдайында өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Орталық Азияда да, II Өңірлік қауымдастық аясында да тәжірибе алмасу мен Early Warnings for All бастамасын ілгерілету үшін негізгі платформа болуға дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша ерте ескерту жүйелерін одан әрі дамыту өңір елдерінің орнықтылығын арттырудың және халықты қауіпті табиғи құбылыстардан қорғаудың маңызды факторы болатыны атап өтілді.