Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Кездесу барысында тараптар гидрометеорология саласындағы қазіргі ынтымақтастық пен одан әрі даму перспективаларын талқылады. 2025 жылдың тамыз айынан бастап қалыптасқан алдын ала жоспарларға және өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл меморандум ынтымақтастықты жолға қою мен оны дамытуға бағытталған.
Тараптар екіжақты әріптестікті нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және тәжірибе алмасуды жандандыруға ниетті екендерін растады. Орталық Азия өңірінде бірлескен халықаралық жобаларды дамытуға ерекше мән берілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қатысушылар әріптестікті одан әрі дамытуға қатысты нақты қадамдарды айқындады, соның ішінде бірлескен іс-шаралар өткізу және гидрометеорология саласындағы озық тәжірибелерді енгізу мәселелері бар.
Тараптар гидрометеорологиялық қызметтердің сапасын арттыруға және климаттық сын-қатерлерге тиімді әрекет етуге бағытталған ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілік білдірді.